“AMANAT” партиясының кезекті көшпелі қабылдауына келген Волчанка, Большая Речка, Крюковка, Кандыковка, Березовка ауылдарының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Партияның мобилдік қобылдау жобасы аясында республикалық ,облыстық және аудандық деңгейдегі мамандар алыстағы ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оның шешілуіне атсалысады. Мұндай шараны тұрақты түрде ұйымдастыратын боламыз. Көшпелі қабылдаудың ауылдықтарға тигізер пайдасы зор, тұрғындар әр саланың маманымен жүздесіп мазалаған сұрақтарына тікелей жауап ала алады, - дейді “AMANAT” партиясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангл Жумадилова.
Бүгінгі қабылдауға келген азаматтар ауылға және Шемонаиха ауданына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Өскемен-Шемонаиха, Шемонаиха- РФ дейінгі жол, аудандағы маман тапшылығы мен уақыттың ауысуының қолайсыздығы.
-Ауданымызда маман тапшылығы сезілгелі бірнеше жыл болды. Жас мамандарды тартайық десек, “Дипломмен ауылға” жобасы шағын қалалар үшін қарастырылмаған. Біздің ауданымыздың статусы шағын қала болып саналады. Міне, осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіздер. Егер “Дипломмен ауылға” жобасы жараса, жастар келуге дайын, - дейді ауыл тұрғыны Илья Чиковани.
Көшпелі қабылдауға “AMANAT” партиясы республикалық қоғамдық қабылдауының қызметкері Қымбат Ильясова, партияның облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова, облыстық мәслихат депутаты Марина Быкова, аудан әкімі Григорий Акулов, аудандық мәслихат депутатары және тиісті салалардың мамандары қатысты. Қабылдау барысында көтерілген ұсыныстардың оң шешілуі партия назарына алынды.
Пікірлер