A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 16:00 0

ЖОО-ларда оқу мерзімі қысқарады – Саясат Нұрбек

Бүгін / Республика

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 18 тамызда Үкіметтегі брифинг барысында жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімін қысқарту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша оқу мерзімі қысқартылған.

- Кейбір мамандықтар үшін төрт жыл оқу – ұзақ. Өйткені бұл аралықта білім беру мазмұны айтарлықтай өзгеріп үлгереді. Сондықтан біз Үкіметке жоғары оқу орындарында қолданбалы бакалавриат форматында қысқартылған оқу бағдарламасын енгізу жөнінде ұсыныс бердік. Енді жоғары колледждермен бірге пилоттық жобаны іске қоспақпыз. Студент колледжде қолданбалы бағыттағы нақты мамандықты меңгереді. Бұл бакалавриат деңгейіне сәйкес келеді, бірақ оқу мазмұны мен мерзімі қысқарақ болады. Кейін ол модульдік форматта жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, бакалавриатты, одан әрі магистратураны аяқтай алады, – дейді Саясат Нұрбек.

Министр алдағы уақытта жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі одан әрі қысқаратынын растады.

- Оқу мерзімі қысқарады, жаңа форматтар пайда болады. Оқыту жүйесі икемдірек әрі гибридті форматқа көшеді. Біз бұған қажетті нормативтік базаны дайындап қойдық. Пилоттық жобалар сынақтан өтті. Жалпы, бұл жүйе жұмыс істеп тұр, – дейді Саясат Нұрбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив