A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда оқушыларға үзіліс кезінде телефон қолдануға рұқсат етіледі

Бүгін / Республика

Қазақстанда оқушылар үзіліс кезінде мобильді телефондарын пайдалана алады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте журналистердің сұрағына жауап берген Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бірыңғай талаптар әзірленген. Соған сәйкес мобильді телефондарды пайдалану тікелей оқу процесі кезінде шектеледі.

- Балалар оқу процесі кезінде ұялы телефон қолданбайды. Тек қысқа мерзімді жоспарда, яғни оқу бағдарламасында қарастырылған жағдайда ғана пайдалануға болады, – дейді Шынар Ақпарова.

Ал оқушылар үзіліс кезінде телефон қолдана ала ма деген нақтылау сұрағына бірінші вице-министр оң жауап берді.

- Бұл мүмкін. Бірыңғай талаптар әзірленді. Осы талаптардың негізінде білім беру ұйымы барлық ұйымдастырушылық мәселені өзінің ішкі тәртіп ережесімен реттейді, – деп түсіндірді ол.

Осылайша, мектептерде мобильді телефондарды пайдалануға қатысты нақты ұйымдастырушылық мәселелер әр білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесіне сәйкес реттеледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив