A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 14:15 0

Өскеменде Tomorrow School бағдарламалау мектебі ашылады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында Tomorrow School іске қосылады. Бұл – бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі. Мұнда оқыту дәстүрлі дәрістерге емес, өз бетінше жұмыс істеуге, практикалық тапсырмалар мен командалық жобаларға негізделген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоба Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл – Қазақстандағы peer-to-peer форматында жұмыс істейтін алғашқы мектеп. Яғни, қатысушылар өз бетінше білім алып, оқу барысында бір-біріне көмектеседі.

Дәстүрлі түрде оқытушымен өтетін сабақтардың орнына қатысушылар жобалар әзірлейді, практикалық тапсырмалар мен емтихандар тапсырады, командамен жұмыс істейді және өздерінің IT-портфолиосын жинайды. Білім беру бағдарламасында 50-ден астам практикалық жоба, Go, jаvascript, Rust және Python бағдарламалау тілдері, ЖИ, киберқауіпсіздік және Blockchain бағыттары бар.

Жобаның ерекшелігі – жастардың технологиялық ортада тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі. Қатысушылар үшін тәулік бойы, яғни 24/7 қолжетімді кампус, кәсіби IT-қоғамдастық пен нетворкинг алаңы қарастырылған.

Оқудың алғашқы кезеңінде 24 тамыздан 19 қыркүйекке дейін 4 апталық «Бассейн» интенсиві өтеді. Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, емтихан тапсырып, топтық жобалармен жұмыс істейді. Барлығы төрт интенсив өткізу жоспарланған, олар 150 адамға дейін қамтиды.

Іріктеу қорытындысы бойынша 18 жастан асқан 25 қатысушы Tomorrow School негізгі бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады. Бағдарламаның ұзақтығы – екі жыл.

Осылайша, Шығыс Қазақстанда заманауи IT-құзыреттерді тегін меңгеруге болатын, ал оқу үдерісі тәжірибеге және нақты жобаларды құруға бағытталған алаң дайын. 

Алғашқы интенсивке тіркелу 21 тамызға дейін жалғасады. Check-In 21 тамызда өтеді.

Өтетін мекенжайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ корпусы, 405 аудитория. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив