A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:20 0

Өскеменде футбол алаңы пайдалануға берілді

Бүгін / Өскемен / Спорт

Облыс орталығындағы Әл-Фараби, 40 көшесінде жаңа футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұрғын үйлердің ауласында аумағы 600 шаршы метр болатын жаңа спорт алаңы салынды. Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, бүгін алаңның ресми ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына жақын маңдағы үйлердің тұрғындары, балалар және қалалық спорт бөлімінің өкілдері қатысты. 

Жобаны «Таза Өскемен» мердігер ұйымы мен «Сантехэлектромонтаж» қосалқы мердігері жүзеге асырды.

Осылайша, қаладағы тағы бір аула балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған жайлы кеңістікке айналды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив