A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 09:30 0

Өскеменде жоғалған ер адамды іздестіруде

Бүгін / Өскемен

Шаһарда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы Қуаныш Бажиевті іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол соңғы рет 11 тамызда Назарбаев даңғылындағы жер асты өткелінің маңындағы бейнебақылау камераларынан көрінген.
ШҚО Полиция департаменті жоғалған адам туралы арыз берілгенін мәлімдеді. Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп, ер адамның қайда екенін анықтау үстінде.
Қуаныш Бажиев жоғалып кеткен кезде қара бейсболка, көк-жасыл поло жейде, көк джинсы және ақ кроссовка киген.
Сол қолында суреті бар. 
Ер адамның қайда екенін немесе жоғалуының мән-жайы туралы ақпараты бар кез келген адам 102 нөміріне қоңырау шалып, айтуына болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив