A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:10 0

Шемонаиха ауданында 280 қап қоқыс жиналды

Бүгін / Шемонаиха

Ауданда жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза әлем» атты ауқымды акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Березовка өзенінің жағалауына жақын аумақты тазалау жұмыстарына белсенділер, волонтерлер, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері, күміс волонтерлер және Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Ардагерлердің бұл акцияға қатысуы ерекше маңызға ие болды. Олар жастармен бірге туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатқа ұқыпты қарау мен қоршаған ортаға жауапкершіліктің маңызын өз ісімен көрсетті.

Нәтижесінде аумақ толықтай қоқыстан тазартылып, 280-нен астам қап қоқыс жиналып шығарылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен арнайы техника тартылып, қоқысты жедел шығару ұйымдастырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив