A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 16:00 0

Елімізде көлік зертханаларын тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін / Республика

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы көлік құралдарының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті (КҚҚКБ) беру үшін көлік құралдарына сынақ жүргізетін сынақ зертханаларын бағалау кезінде фото және бейнетіркеуді енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Енді сарапшы-аудиторлар сынақ жабдықтарының әрбір бірлігін фото және бейнежазбаға түсіреді: зауыттық нөмірлерін, техникалық жай-күйін, өлшеу диапазондарын және жұмыс барысын тіркейді. Бұл жабдықтың нақты зертханада орналасқанын және сынақ жүргізу кезінде пайдаланылатынын растауға мүмкіндік береді әрі оны ұйымдар арасында уақытша ауыстырып қою мүмкіндігін болдырмайды.

Жабдықтан бөлек, бақылау сынақтарының жүргізілу барысы да бейнежазбаға жазылады. Бұл зертхананың жұмыстарды өз бетінше орындайтынын, мәлімделген жабдықты пайдаланатынын және білікті персоналмен қамтамасыз етілгенін растайды. Осылайша, аккредиттеу құжаттардың бар-жоғын ғана емес, зертхананың нақты техникалық дайындығын да растайды.

— Фото және бейнематериалдар бағалаудан кейін туындауы мүмкін даулы жағдайларды да болдырмауға көмектеседі. Олар қандай жабдықтың пайдаланылғанын және сынақтардың қалай жүргізілгенін объективті түрде растауға мүмкіндік береді. Түсірілім аккредиттеу субъектілерінің келісімімен және жасалған шарттар шеңберінде ғана жүзеге асырылады, — деп атап өтті Ұлттық аккредиттеу орталығында.

Пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта фото және бейнетіркеу КҚҚКБ беретін зертханаларды аккредиттеу кезінде ғана емес, сондай-ақ салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларында, экологиялық сынақтар мен бұзбай бақылау жүргізетін зертханаларда да қолданылады.

Бүгінгі таңда жаңа тетік арқылы 55 зертханаға бағалау жүргізілді.

Келесі кезеңде жаңа тәсілді заңнамалық тұрғыдан бекіту көзделіп отыр. Тиісті өзгерістер қабылданғаннан кейін фото және бейнетіркеу заманауи аккредиттеу жүйесінің міндетті элементіне айналады. Бұл сынақ нәтижелеріне деген сенімді арттырып, бағалаудан формалды түрде өту мүмкіндігін барынша азайтады.

Сонымен қатар сәйкестікті бағалау рәсімдерінің толық қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында ҰАО КҚҚКБ беруге қатысатын сынақ зертханаларындағы жабдықтарды сәйкестендіру жобасын іске асырып жатыр. Таңбалау бағалау жүргізу кезінде жабдықты жедел цифрлық тексеруге мүмкіндік береді. Жабдықтарды сәйкестендіру КҚҚКБ беретін аккредиттеу субъектілерінен өтінімдердің келіп түсуіне қарай тұрақты негізде жүргізіледі. Жабдықтарды сәйкестендіру «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңға өзгерістер енгізілгенге дейін шарттық қатынастар шеңберінде екі тараптың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. 2026 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша жабдықтар 40 субъектінің нысанында сәйкестендірілді.

Бұдан бөлек, көлік саласында қызметін жүзеге асыратын сынақ зертханаларының меншігінде болуы тиіс жабдықтардың ең төменгі қажетті көлемі белгіленді — 95%. Бұл шара номиналды аккредиттеу тәжірибесін болдырмауға және сынақ нәтижелерінің дұрыстығын арттыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив