A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 16:20 0

Өскеменде кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді

Бүгін / Өскемен

19 тамызда облыс орталығындағы “Защита” ауданында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Аумақтық басқару орталығы және полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейд өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидаларының талаптарын кәсіпкерлерге түсіндіру.

Рейд барысында дүкендер, дәмханалар және өзге де коммерциялық нысандардың иелеріне өз нысанына іргелес 5 метр аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы жинау, ғимараттардың қасбеті мен кіреберіс топтарын тиісті жағдайда күтіп ұстау міндеттері түсіндірілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив