A+ A A-

talgatzhan 54 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде қала күнін қалай атап өтеді?

Бүгін / Басты / Өскемен

Қала күнін тойлау 25 тамызда басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Апта бойы шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін фестиваль мен концерттер, спорттық іс-шаралар мен көңілді кештер өткізілмек.
25 тамызда Арбатта көше фотографтары мен суретшілеріне арналған «Түстер мен линзалар ойындары» өнер фестивалі, «Dance Battle» өтеді. Бағдарламаға қаланың ең үздік фотографтарының көрмесі, фотоквесттер, викториналар, ең үздік барабан байқауы және концерт кіреді.
26 тамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «White Party Oskemen» ұйымдастырылады. Бұл іс-шара биыл бесінші рет өтуде. Қонақтар интерактивті ойындарды, байқауларды, суретшілер мен шығармашылық топтардың өнер көрсетуін тамашалай алады.
27 тамызда Қала күніне орай жаппай түнгі жүгіру марафоны өтеді. Сайысқа 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Маршрут 2 шақырымға созылады, ал қатысушылар саны 300 адаммен шектелген. Старттық нөмірлерді бір күн бұрын Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен алуға болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болып, медальдар және сертификаттармен марапатталады.
28 тамызда шаһар тұрғындары ретро техникалар көрмесін тамашалап, дәстүрлі ретро кеште көңіл көтере алады. 
Мерекелік бағдарлама 29 тамызда ашық аспан астындағы облыстық театр оркестрінің, хорының және балетінің өнер көрсетуімен аяқталады. Концерт сағат 19:30-да Тоқтаров көшесі, 47А мекенжайында басталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив