Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында арқарлар фототұзаққа бірнеше рет түсіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық парк мамандарының мәліметінше, фототұзаққа түскен кадрлардан арқарлардың Тарбағатай тауларының бөктерінде еркін жүргенін көруге болады.
Арқар — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жануарлардың бірі. Тарбағатай ұлттық паркі оның табиғи мекен ету ортасын сақтауға мүмкіндік беретін маңызды аумақтардың саналады.
Жуырда ұлттық парк арқар туралы «Қызыл кітап» айдары аясында ақпарат ұсынған болатын. Бұл жолы мамандар жануарларды табиғи ортада бейнелеген фототұзақ кадрларын жариялады.
Фототұзақтар жабайы жануарлардың санын, қозғалысын және тіршілік ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай бақылау табиғи аумақтағы жануарлар дүниесін қорғау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Пікірлер