Облыс орталығында қоғамдық қорғаушы есірткі болуы мүмкін ақ түсті ұнтақты оттықтың ішіне жасырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
№73 мекемесіне сотталған адаммен кездесуге келген қоғамдық қорғаушы тексеру кезінде қызметкерлердің назарын аударған.
Аяқ киімді мұқият тексеру барысында ішінен оттық табылды. Ал оны ашқанда есірткі болуы мүмкін ақ түсті ұнтақ пен шағын шприц анықталды.
Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Соның қорытындысы бойынша нақты құрамы анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Аталған дерек бойынша материалдар тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр.
Пікірлер