A+ A A-

talgatzhan 24 Бүгін, 12:42 0

Өскемендегі №1193 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы №50 мектепте орналасқан №1193 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сайлау учаскесінің төрағасы Жансерік Ысқақовтың айтуынша, учаскелік сайлау комиссиясы дайындық жұмыстарын алдын ала жүргізген. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

- Дауыс беру бюллетеньдері дайын, учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Қала тұрғындары таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін келіп, өз таңдауларын жасай алады, – деді ол.

Сайлау күні мектеп аумағында қала тұрғындары мен келушілерге арналған жәрмеңке ұйымдастырылған. Онда жергілікті өнімдер, соның ішінде құрт, сүт, май және басқа да табиғи өнімдер ұсынылды.

Сонымен қатар тұрғындардың көңіл күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Сайлау учаскесінде келушілер үшін арнайы тақырыптық фотобудка да қойылған. Қонақтар мен сайлаушылар фотозонада естелік суретке түсе алады. Оның безендірілуінде «Құрылтай» деген жазу және сайлау тақырыбына қатысты элементтер қолданылған.

- Сайлау учаскесінде арнайы тақырыптық фотобудкалар орнатылды. Қонақтар мен сайлаушылар сол жерде жарқын әрі есте қаларлық фотосуреттер түсіре алады. Фотозонада «Құрылтай» деген жазу және сайлауға қатысты тақырыптық элементтер қолданылған, – деді ұйымдастырушы Алсу Алиева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив