A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 14:20 0

Өскеменде көпбалалы аналар дауыс берді

Бүгін / Өскемен

Бүгін «Жан Ана» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Гүлжамал Бершімбекова бастаған көпбалалы аналар өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олар елдің және балалардың болашағы үшін азаматтық позициясын білдіріп, сайлауға қатысты.

— Құрылтай сайлауы — жаңашылдықтың белгісі. Сондықтан бүгін көпбалалы аналар жиналып, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп, таңдауымызды жасадық, — деді Гүлжамал Қаржауова.

Оның айтуынша, сайлаудан көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты өзгерістер күтіледі.

— Біріншіден, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарса дейміз. Екіншіден, ана мен бала қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе жөн. Үшіншіден, жастардың болашағы алаңдатады. Қазір олардың арасында түрлі теріс әрекеттерге бой алдыру жағдайлары кездеседі. Осы бағытта алдын алу жұмыстары күшейтілсе екен дейміз. Төртіншіден, ауыл-аймақтағы халықтың мәселелеріне де көңіл бөлінсе деген тілегіміз бар, — деді «Жан Ана» ҚБ негізін қалаушы.

Айта кетейік, «Жан Ана» қоғамдық бірлестігі бірнеше жылдан бері көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп келеді. Ұйым үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Біріншісі — аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмек көрсету. Екіншісі — балалардың білім алуына жағдай жасау. Үшіншісі — аналарды тегін кәсіпке баулу.

Бірлестік аясында жеті-сегіз баласы бар аналар да кәсіп бастап, өздерін дамытуға мүмкіндік алып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив