A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 15:10 0

Өскемендегі №3 мектеп-лицейіде екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Бүгін / Өскемен

Дауыс беру белгіленген уақытында басталып, сайлау процесі штаттық режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшімі.

Сайлау учаскелерінде заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті жағдай жасалған. Дауыс беру басталғаннан бері ешқандай заңбұзушылық немесе төтенше жағдай тіркелмеген.

Сайлауға қала тұрғындарымен қатар «Алтай Өскемен» футбол клубының ойынышлары да қатысып, өз таңдауларын жасады.

№31 сайлау учаскесінің төрағасы Қарлығаш Ғазизованың айтуынша, әр азаматтың берген дауысы – елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

– Әр азаматтың таңдауы болашақта халықтың игілігіне, мемлекеттің дамуына қосылған үлес деп білемін. Сондықтан Құрылтай сайлауында берілген әр дауыс барлығымыздың азаматтық жауапкершілігімізді білдіреді. Білім саласының маманы болсын, спортшы немесе мәдениет өкілі болсын, әр азамат өз таңдауын жасап, болашақта жаңа Қазақстанды қалыптастыруға өзінің үлесін қосуы керек деп санаймын, – деді Қарлығаш Ғазизова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив