A+ A A-

talgatzhan 47 14-11-2024, 14:46 0

Риддерде су мәселесі шешілді

Бүгін / Риддер

Риддер қаласында қалың жауған қар мен күннің суытуы салдарынан тұрғындар сусыз қалып, дабыл қақты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Олардың айтуларынша, қарашаның 13-і күні түнгі сағат 2-де мұз қабыршақтарының түзілуі туралы хабар алған. 
- Сондықтан қаланы сумен қамтамасыз ету тоқтатылды. Түнгі 03:00-де шұғыл түрде жерасты резервтік су алғыш қосылды. Қала сусыз қалмады, бірақ жеке резервтік су алғыштың қуаты жеке секторлар үшін жеткілісіз болды. «Казцинк» ЖШС, «Шығыс Жылу» АҚ, «Востокмонтаж» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындары мен Ботаника, Гавань, Сазоновка ауылының (Таловка, Полярная, Малая Таловка), ВГСЧ, ​​Орман шаруашылығы, ДОСААФ аудандары су беруден ажыратылды. Ал таңғы сағат 07:00-де бригада жұмысқа кірісті. Сағат 13:00-де төтенше жағдай жойылып, су беру қалпына келтірілді. Ботаника мен Полярный аудандары әзірге сусыз отыр. Бүгін сағат 13:00-ге дейін оларға су беруді қалпына келтіреміз, - деді Риддер қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Рауан Құрметұлы.
«Қазцинк» ЖШС мамандары, атқарушы органдар мен ТЖД  өкілдері дер кезінде оқиға орнында жұмыс істеді. «ЛК ГЭС» ЖШС директоры Дмитрий Бояриновтың айтуынша, мұндай жағдайда ауа температурасы -7 градусқа жетсе де болады. 
- Мұз қабыршақтарының түзуліу - табиғи құбылыс. Сынап бағанасы -7 градусқа дейін төмендегенде өзенде мұз қабыршағы түзіле бастайды. Мұндай оқиға жыл сайын қайталанады. Былтыр Громатуха өзені екі ай жабылмады. Алғашқы аяз кезінде де ол ағып тұр, сондықтан мұз қабыршақтары пайда болды. Ал түскі уақытта су беру қалпы келді, - дейді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив