A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:20 0

Өскеменде полиция жоғалған ерекше баланы тапты

Бүгін / Өскемен

Патрульдік полиция қызметкерлері үйінің жанындағы стадионнан шығып, жоғалып кеткен жеткіншекті бірнеше минут ішінде тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Демалыс күндері 102 нөміріне жоғалған бала туралы хабарлама түсті. Сағат 13:08-де «Қыран-23» патрульдік полиция батальонының бригадасы оны жанармай құю станциясының маңынан тапты.
Бауыржан Мұхаметқанов пен Ұлан Шерияздан ұл баланы тауып, жанына барған. Денсаулығына байланысты ол сөйлей алмай, қайда тұратынын түсіндіре алмады. Сол сәтте қызметкерлер жоғалған бала туралы хабарлама алып, сипаттаманы салыстырғаннан кейін оны тапқанын түсінді.
Полиция дереу анасымен байланысқа шықты. Баланың үйдің жанындағы стадионда ойнап жүргені, кейін үнсіз кетіп қалғаны анықталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив