A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 16:15 0

Өскемендіктер қала күнін қалай атап өтеді?

Бүгін / Басты / Өскемен

Биыл қала күнін мерекелеу аясында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына арналған 50-ден астам мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шара өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекелік іс-шаралар Республика алаңында, Арбатта, Достық үйінде, Амфитеатрда, музейлер мен кітапханаларда, саябақтар мен шаһардың басқа да алаңдарында өтеді.

26 тамызда сағат 16:00-де Амфитеатрда «White Party Oskemen» ұйымдастырылады. Бағдарламада түрлі байқаулар, ойындар және қала диджейлерінің қатысуымен диско-бағдарлама қарастырылған. Қатысушылар мен көрерменге ақ түсті киіммен келу ұсынылады.

27 тамызда мерекелік іс-шаралар бірнеше алаңда өтеді.

Сағат 15:00-де «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында кәсіби спортшылардың қатысуымен «Ұлы дала батырлары» жекпе-жек турнирі;

Сағат 17:00-де «Алтай» сауда орталығының аумағында «Кәуап фест» гастрономиялық фестивалі;

Сағат 18:00-де Республика алаңында «Музыкалық орындық» жобасы ұйымдастырылады.

Сағат 20:00-де «Oskemen Night Run» түнгі жүгірісі басталады. Жарыстың басталу нүктесі — Сәтбаев даңғылы, 15Б мекенжайындағы A-Store гипермаркеті, мәресі — «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығы.

28 тамызда сағат 14:00-де Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында облыстық ақындар айтысы өтеді.

Сағат 18:00-де Достық үйінің алдында «Oskemen Retro 2026» фестивалі ұйымдастырылады. Фестивальдің арнайы қонағы — танымал әнші әрі композитор Өктем Алтаев.

29 тамызда сағат 14:00-де Шешек асуында батпырауықтар фестивалі өтеді.

Сағат 19:00-де Тоқтаров көшесі, 47А мекенжайындағы театр алдында «Классикалық музыка кеші» ұйымдастырылады.

30 тамызда мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігі өтеді.

Республика алаңында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Қазақстан және М. Горький көшелерінің қиылысында бал фестивалі, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі және қарбыз фестивалі өтеді. Сонымен қатар фудкорт жұмыс істейді.

Сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін Желтоқсан көшесінде, Ертіс өзені жағалауы мен Ғашықтар аллеясы бойында «Drag Racing» автожарысы өтеді.

Сондай-ақ сол күні Самсонов ауылдық клубы мен «Family Island» балабақшасының салтанатты ашылуы жоспарланған.

Сағат 18:00-де Республика алаңында үлкен мерекелік концерт өтеді. Бағдарламада танымал эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Amre, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Daricorn, Yenlik, «Ninety One» тобы және ресейлік «Краски» тобы өнер көрсетеді.

Мерекелік кеш отшашумен аяқталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив