A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:30 0

Өскеменде бірден екі жол апаты болды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Абай даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Tank 500 көлігінің 63 жастағы жүргізушісі негізгі жолға шығып бара жатқанда Hyundai Grandeur көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 
Екінші жол апаты да сол маңда болды. Газель көлігінің 31 жастағы жүргізушісі артқа жүріп бара жатып, Nissan Primera көлігімен соқтығысып, екі көлікке де материалдық шығын келтірді. 31 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив