ЖИ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылып жатыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин «Digital Qazaqstan» іс-қимыл жоспарын таныстыру жиынының кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, eGovGPT арқылы бүгінде 50-ге жуық мемлекеттік қызметті хат алмасу форматында алуға болады.
- Егер сіз ChatGPT немесе ЖИ-агенттерін қолдансаңыз, онда мұнда да сол секілді жай ғана хат алмасуға және мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ЖИ-ді енгізу және цифрландыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, – деді Ростислав Коняшкин.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, бұл жұмыс азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну санын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ХҚКО-ларға келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға қысқарды.
- Өткен кезеңмен салыстыратын болсақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ХҚКО-ларға келгендер саны 30%-ға төмендеді. Бұған азаматтарымыздың барлық өтініш трафигінің 79-80%-ын құрайтын ТОП-10 мемлекеттік қызметті сапалы цифрландырудың арқасында қол жеткіздік, – деді вице-министр.
ЖИ-ді мемлекеттік қызметшілердің жұмысына енгізіледі
Жасанды интеллектіні мемлекеттік аппараттың ішінде де белсенді қолдану жоспарланып отыр. Бұл ретте, Ростислав Коняшкин атап өткендей, қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу кезінде шектеулер бар: мемлекеттік органдар Қазақстаннан тыс жерлердегі серверлерде өңделетін ЖИ-модельдерді қолдана алмайды. Осы мәселені шешу үшін елде суперкомпьютер іске қосылды.
- Қазірдің өзінде жасанды интеллект хаттардың қысқаша мазмұнын жасауға, түскен өтініштердің үлкен ағындарын талдауға, баяндамаларды, презентацияларды дайындауға, аудармаларды әзірлеуге көмектеседі. Қазір біз мемлекеттік қызметшілердің бұл құралдарды белсенді қолданып, өз жұмысының тиімділігін арттыра алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Коняшкин.
Ұсынылған жоспарларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің операциялық жүктемесінің 30%-ға дейінін ЖИ-шешімдерге ауыстыру болжанады. 2029 жылға қарай мемлекеттік аппараттың өнімділігі кемінде 25%-ға артады деп күтілуде.
ЖИ-ді медицина мен құрылыста қолданып жатыр
Ростислав Коняшкин цифрлық трансформация тікелей салаларда да жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, ең белсенді нәтижелер бүгінде логистика, денсаулық сақтау, экономика және қаржы салаларында байқалады.
- Медицинада ЖИ медициналық суреттерді автоматты түрде талдау үшін қолданылып жатыр, бұл ауруларды жылдамырақ анықтауға мүмкіндік береді. Ал құрылыста құжаттаманы талдау кезінде қолданылады. Бұл процестерді жылдамдатуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті.
Стратегия аясында 2029 жылға қарай медициналық ұйымдардың кемінде 95%-ын нақты уақыт режимінде деректер алмасатын біріңғай цифрлық контурға біріктіру жоспарланып отыр. Стационарлардағы клиникалық шешімдердің кемінде 80%-ын жасанды интеллектті қолдана отырып қабылдау болжанады.
Пікірлер