Мектеп оқулықтарын тексеру барысында 700-ден астам өрескел қате анықталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл олқылықтар орта білім сапасына нұқсан келтіретінін айтып, оқу материалдарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
– Жақында Үкімет жұртшылыққа нәтижелі жұмыстың қорытындысын жариялады. Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате табылған. Мұның бәрі орта білімнің сапасына нұқсан келтіреді десек, артық айтқандық емес, – деді Қ. Тоқаев елордада республикалық Тамыз конференциясында.
Президент тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған «қаһармандар» мен олардың «ерлігі» жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажеттігін айтты.
– Жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы, – деді Мемлекет басшысы.
Пікірлер