Қала күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«OSKEMEN NIGHT RUN 2026» түнгі жүгіру жарысын өткізуге байланысты:
Сәтпаев даңғылы:
КШТ ауданынан Ертіс көпірі бағытына қарай, ASTOR-дан «MAXI MALL» сауда үйіне дейінгі жол учаскесінде даңғылдың тақ жағымен көлік қозғалысы 19:30-дан 21:00-ге дейін шектеледі.
Сондай-ақ «Шашлык FEST» фестивалін өткізуге байланысты:
Жаңа Үлбі жағалауы:
Красин көшесінен Шәкәрім даңғылына дейінгі жол учаскесінде көлік қозғалысы 12:00-ден 22:00-ге дейін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден аталған уақыт аралығында бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдау сұралады.
Пікірлер