Жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні облыс орталығының Сол жағалауында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде жүрген жас жігіт BMW көлігін ұрлап, Рижская көшесімен жүріп кеткен.
– Көлік жүргізу кезінде ол рөлді басқара алмай, қозғалыс құралы жолдан шығып, бағдаршам бағанасына және ғимараттың қасбетіне соғылды. Бұдан соң ер адам көлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде оның жеке басы анықталып, ұсталды, - делінген ресми ақпаратта.
Ұрлыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар көлік құралын жүргізуге рұқсаты жоқ жүргізушінің мас күйінде басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік айып тағылды. Ал жол апаты болған жерден кетіп қалғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Фото: ЖИ
Пікірлер