Іс-шара қала күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеш барысында қала өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары шетелдік және отандық әндерді орындады. Орталық алаңдағы субұрқақ маңына жиналған көрермен де өнерпаздарға қосылып, ән шырқады. Бірнеше сағатқа созылған музыкалық кеш қала тұрғындары, әсіресе жастардың қызығушылығын тудырды.
Айта кетейік, бүгін Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасады. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында облыстық ақындар айтысы өтеді. Ал сағат 18:00-де Достық үйінің алдында «Oskemen Retro 2026» фестивалі ұйымдастырылады. Фестивальдің арнайы қонағы – танымал қазақстандық әнші әрі композитор Өктем Алтаев.
Пікірлер