A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 17:05 0

Өскеменде «Жыр арқауы – Өскемен» облыстық ақындар айтысы өтті

Бүгін / Өскемен / Руханият

Облыс орталығына жиналған айтыскерлер сөз додасында өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар легі 25 тамызда басталды. 
Ал бүгін ШҚО Келісім орталығының сахнасында 10 айтыскер сөз сайысына түсті. Олардың қатарында Ардабек Ақбаба, Қуатбек Қуанар, Айдос Рашан, Жұлдызай Маратбекқызы, Қуаныш Еркінұлы, Гүлжан Ықылас, Ұларбек Жеңісбек, Нұржан Жолбарыс, Мәрия Ақбабақызы және жас айтыскер Әли Ермеков бар. 
Құрметті қонақ ретінде республикалық айтыстардың жүлдегері Қанат Мырзахан мен «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері Мейірбек Сұлтанхан шақырылды. Айтысты ақын Серік Қуанаған жүргізді.
– Айтыс бойынша жүлде қоры қарастырылған. Бірінші орынға 500 мың теңге берілді. Қос екінші орын иегерлеріне 400 мың теңгеден табысталды. Ал үшінші орынға 300 мың теңге берілді. Қалған қатысушыларға 100 мың теңгеден үлестірілді, - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмаз Нұрғалиев.
Айта кетейік, іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив