Әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық жобасы бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеріп, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылған. Биыл да дәстүрлі іс-шара жалғасын тауып, балаларға арналған ауқымды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Фестиваль аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға да көңіл бөлінді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар олардың өзгелермен еркін араласуына мүмкіндік беріп, жаңа достар тауып, өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасайды.
– Біз фестиваль бағдарламасын барлық балаға ортақ етіп дайындадық. Ерекше қажеттіліктері бар балалар да белсенді қатысып, жаңа орта қалыптастыра алады. Басты мақсатымыз – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасау, – деді фестиваль ұйымдастырушысы Евгений Курлыкин.
Мерекелік бағдарламада музыкалық және би қойылымдарымен қатар, балалардың сүйікті мультфильмдері мен фильмдеріндегі кейіпкерлердің костюмдерін киген аниматорлар да өнер көрсетті. Олар бүлдіршіндермен түрлі ойындар ойнады.
Фестиваль алдағы уақытта да жалғасын тауып, балаларға арналған әлеуметтік жобалардың қатарын толықтыра түспек.
Пікірлер