Ол станциядағы жөндеу жұмыстарының барысын қадағалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде Согра ЖЭО-ның жалпы дайындығы 81 пайызды құрайды. Үш қазандықтың екеуі толық дайын. Үшінші қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның дайындығы 50 пайызға жетті.
– Барлық қажетті материал мен қосымша құрал-жабдықтар станцияға жеткізілді. Қазір негізгі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Екі турбоагрегатты да жөндеу жұмыстары жоспарланған. Олар 5-30 қыркүйек аралығында орындалады, – деді Согра ЖЭО директоры Нұрлан Рамазанов.
Оның айтуынша, 2026 жылы станциядағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына 5 млрд теңге бағытталған.
Сонымен қатар жылыту маусымына қажетті отын қоры да жасақталды.
– Бүгінде станцияда 77 мың тоннадан астам көмір бар. Бұл көлем шамамен 69 күнге жетеді. Сондай-ақ мазут қоры 482 тоннаны құрайды. Көмір жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. 27 тамыздағы жағдай бойынша жылдық жоспарланған 305 мың тоннаның 236 мың тоннадан астамы станцияға жеткізілді, - деді Нұрлан Рамазанов.
Пікірлер