Бүгін Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы, Шемонаиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс - тәсілдер» атты облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс- шараға Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Руслан Руспаев, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова, Үлкен Нарын, Глубокое, Катонқарағай, Самар аудандарының тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Семинарда оқытудың әдіс-тәсілдері, жасанды интеллект бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді. Соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар мен орталық атынан алғысхаттар табыс етілді. Сонымен қатар Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасалды.
Пікірлер