A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 15:00 0

Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданы әкіміне инвесторлар тартуды тапсырды

Бүгін / ШҚО / Үлкен Нарын

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданы жұмыс сапарымен барғанда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты, деп хабарлады Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жыл басталғалы 8 айда аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға ұлғайды. Барлық санаттағы шаруашылықтарда 2,2 мың тонна ет өндірілді.
Биыл ауданда мал шаруашылығын дамытып, егін шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында «Елжас» серіктестігі жылдық қуаттылығы 3,3 мың тонна сүт өндіретін сүт-тауар фермасын салу жобасын қолға алды. Келер жылы Солоновка ауылында 1000 бас малға арналған бордақылау алаңын ашу жоспарланған.
– Ауданның өнеркәсіптік өнімінің негізгі бөлігін құрылыс материалдарын, дайын бетон және асфальт-бетон өнімдерін шығаруға маманданған «Элхон» серіктестігі өндіреді. Өткен жылы кәсіпорын құны 1,4 млрд теңге болатын асфальт-бетон зауытын іске қосты, – делінген ақпаратта.
Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімі мен ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына аудан аумағында жаңа қайта өңдеу өндірістерін құру үшін инвесторларды тарту жұмыстарын күшейту міндетін қойды.

Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив