A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:30 0

Ұланда өтетін «Шығыс Салбурыны» фестивалі аясында биыл Азия кубогі өтеді

Бүгін / ШҚО / Ұлан

Халықаралық дәрежедегі іс-шара алтыншы рет ұйымдастырылмақ. Биыл да әдеттегідей Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фестиваль 9-10 қазан аралығында ұйымдастырылады. Соның аясында алғаш рет Азия кубогі қолға алынбақ. Халықаралық додаға 9 елден келген құсбегілер қатысады деп жоспарланып отыр. Олар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі баптаудағы шеберліктерін көрсетеді.

Сонымен қатар көрермендер тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату және теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар тамашалайды.

Фестивальдің мерекелік кешінде танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив