A+ A A-

talgatzhan 41 19-11-2024, 09:50 0

Шемонаиха ауданында «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталды

Бүгін / Шемонаиха

300 орынға арналған жаңа білім ордасының құрылыс жұмыстары барысымен облыс әкімі Ермек Көшербаев арнайы келіп танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Мектеп керемет, сөз жоқ. Бірақ онда тиісті білім деңгейі де болуы керек. Ол жағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар. Әрине, елімізде «Жайлы мектеп» жобасын бастаған Мемлекет басшысына зор алғыс айтамыз. Көріп отырғандарыңыздай, мұнда балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалыпты. Құрылыс жұмыстары абыроймен атқарылды, – деді өңір басшысы. 
Жаңа мектеп Путейская көшесі, 16/1 мекенжайында орналасқан, оның жалпы ауданы – 5513,5 шаршы метр. Жобалау және салу жұмыстары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығымен жүргізілген. Бас мердігер міндетін «Фирма Азия» ЖШС атқарған, ал техникалық және авторлық қадағалауды «Восток Инжиниринг» ЖШС және «БК «OST-проект» ЖШС жүзеге асырды.
Мектеп директоры Назигүл Тотекинаның айтуынша, білім беру мекемесінде 1-11 сынып аралығындағы 335 оқушы, мектепалды даярлық тобында 15 бала оқиды.
- Біз барлық қажетті рәсімді жылдам аяқтаймыз деп үміттенеміз. Бұйырса, үшінші тоқсаннан бастап оқушыларымыз жаңа мектепте білім алатын болады, – дейді мектеп директоры.
Облыстық Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева бұл мектеп 90 жыл бұрын салынған ескі ғимараттың орнында бой көтергенін айтты. Ыңғайлы мектеп заманауи кабинеттермен, қажетті техникамен жабдықталған және мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай бейімделген. 
Айта кетейік, қазір Шемонаиха қаласында төрт мектеп бар болса, оның бірі – осы білім ордасы. Алдағы уақытта №4 мектептің оқушылары мен педагогикалық құрамы жаңа ғимаратқа көшеді. Бұл, әсіресе, балаларын әбден ескірген мектепке беруге мәжбүр болған Теміржол ауданында тұратын ата-аналар үшін қуанышты жаңалық болғаны сөзсіз.
- Мұндай мектептер ойластырылған мемлекеттік саясаттың нәтижесі деп түсіну керек. Аталмыш мектептерде балаларға жайлы жағдай жасалып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да жол ашылады, – деді Ермек Көшербаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив