A+ A A-

talgatzhan 28 19-11-2024, 13:25 0

Риддерде 900-ден астам электронды темекі сақталған қойма табылды

Бүгін / Риддер

Полиция қызметкерлері жалпы құны шамамен 10 миллион теңге болатын 916 дана электронды темекі тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сондай-ақ тыйым салынған тауарды сатпақ болған 21 жастағы күдікті ұсталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Анықталғандай, жас жігіт тауарды мессенджердегі анонимді делдалдар арқылы сатып алған. Ол электронды темекілерді әрі қарай сатпақшы болды. 
Бұл әрекеті үшін оған 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, сол мөлшердегі түзеу мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Одан бөлек, 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да көзделген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив