Қазақстанда қаңтар-қазан аралығында қант өндіру көлемі 168,1 мың тоннаны құрап, 17,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлер бойынша қант өндіруден Жамбыл облысы алдыңғы қатарға шықты. Онда қаңтар-қазан аралығында 71,6 мың тонна қант шығарылған. Одан кейінгі орында Жетісу (62,7 мың тонна) мен Алматы (20,7 мың тонна) облыстары тұр. Қалған аймақтар жалпы өнім көлемінің 1,7 мың тоннасын ғана құрады.
Сондай-ақ қазан айында түйіршіктелген қант бағасы 1,6%-ға, ал шақпақ қант 0,3%-ға арзандады. Түйіршіктелген қанттың орташа бағасы бір келі үшін 403 теңге.
Анықталғандай, ең қымбат қант Талдықорғанда сатылады (келісі 436 теңге). Одан кейін Семей (426 теңге) мен Алматы (424 теңге). Ең тиімді баға Ақтөбеде тіркелген (360 теңге). Ал Шығыс Қазақстан облысында түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 420 теңгені құрайды.
Пікірлер