A+ A A-

talgatzhan 34 19-11-2024, 17:25 0

ШҚО-да вейп сатушыларға қатысты 4 айыптау үкімі шықты

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

20 маусымда Қазақстанда вейпке тыйым салу туралы заң күшіне енді. Осыдан кейін облыс полицейлері 2200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғыш заттарын тәркілеген. 
- Сондай-ақ өңірде 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге жалпы сомасы 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - дейді облыстық полиция департаментіндегілер. 
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фотосурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив