A+ A A-

talgatzhan 29 19-11-2024, 17:35 0

ШҚО-да түрмедегі досына көкнәр жеткізбек болған ер адам жауапкершілікке тартылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде тыйым салынған заттарды тергеу изоляторы мен қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Өскемендегі тергеу изоляторының қызметкерлері сәлемдеме жеткізу бөлмесінен шай қорабына салынған ұялы телефон мен құрамында алкоголь бар газдалған сусынды тәркіледі. Қазір ол сараптамаға жіберілді. 
Ал қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме аумағында жабысқақ таспамен оралған төрт пакеті бар ер адам ұсталды. Сәлемдемені ашқанда көп мөлшердегі тағамдық көкнәр мен тропикамид табылды. Ер адам оны жазасын өтеп жатқан досына бермекші болғанын айтты. 
Екі факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив