A+ A A-

talgatzhan 26 20-11-2024, 09:15 0

Катонқарағай ауданында мұғалім жалған дипломмен жұмысқа кірген

Бүгін / Катонқарағай

Аудандық сотта азамат Қ.-ның ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Катонқарағай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім туралы жалған диплом сатып алған. Ол дипломның жалған құжат екенін біле тұра, 2022 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылдың 31 тамызына дейін орта мектепке мұғалім болып жұмыс істеген.
Сотта Қ. кінәсін толық мойындап, істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат түсірді.
Сот үкімімен құқық бұзушы ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 36 920 теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.

Фотосурет: ortcom.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив