A+ A A-

talgatzhan 33 20-11-2024, 09:37 0

ШҚО-да адам өлтіру ісіне қатысты сот үкімі шықты

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру, яғни қасақана адамның өліміне әкеп соқтыру) азамат Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биыл 2 наурызда Марқакөл ауданындағы Қалжыр ауылында қақтығыс кезінде азамат Н. мас күйде азамат К.-ны  пышақтап жаралаған. Алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға апарар жолда қайтыс болды.
Прокурор айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 
Азамат Н. айыпталған бап бойынша кінәсін мойындамады, оның әрекетін абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулығына ауыр зиян келтіру ретінде саралауды сұрады.
Дегенмен, оның кінәсі куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен расталды.
Осылайша, сот үкімімен азамат Н. ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылді. Енді ол 14 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өткізеді. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фотосурет: aigak.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив