A+ A A-

talgatzhan 29 20-11-2024, 09:50 0

ШҚО-да жүк көлігі жарылып, екі адам қаза болды

Бүгін / ШҚО

19 қараша сағат 15:00 шамасында Өскемен-Самар тасжолының 75-ші шақырымында VOLVO маркалы жүк көлігінің қатысуымен қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Самар ауданында тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жүк көлігіне тиелген заттың жарылуы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.
Аталған факті  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жайттың себебін анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив