A+ A A-

talgatzhan 35 20-11-2024, 10:15 0

Ұлан ауданында су құбыры салынады

Бүгін / Ұлан

Ұлан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен Отрадное ауылында жалпы құны 695,54 миллион теңге болатын су құбыры желілерін салу басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жұмыс бойынша «DK Build» ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасалды. Жоспар бойынша су тарту құрылысы алаңын, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, сыйымдылығы 100 м3 болатын екі таза су резервуарын салу, дизельді электр станциясын орнату, 40кВа КТПН трансформаторлық қосалқы станциясын орнату көзделген. Желілердің жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайды, оның ішінде 2,4 шақырымы тұрғын үйлерге жеткізіледі. 
Биыл аталған жобаны бастауға облыстық бюджеттен 98 миллион теңге бөлінді. Қазір 880 метр су құбыры төселді, гидравликалық сынақтар, құбырларды төсеу және сыртқы электрмен жабдықтау желілерін монтаждау жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив