A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:05 0

Өскеменде жаңа балабақша ашылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы «Защита» шағын ауданында Республика күніне орай «Aksunkar Land» балабақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындар құру жөніндегі облыстық жоспарды орындау шеңберінде ашылған нысанда оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

Қазір балабақша қалалық білім бөліміне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтінім беру үшін қажетті құжаттарды жинақтауда. Қараша айында конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін балабақшаға құжаттарды қабылдауды бастап, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастыруға кіріседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив