Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытынды кезеңі аясында үздік отбасыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқаудың қорытындысында, Күршім ауданы атынан өнер көрсеткен Мәденовтер отбасына естелік мүсін мен екі миллион теңге көлеміндегі арнайы ақшалай сертификат табысталды.
Бұл отбасылық құндылықтарды қастерлеп, балаларға өнегелі тәрбие беруге және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ерекше мән беретін отбасы үшін үлкен құрмет.
Айта кетейік, байқау жеңімпаздары атанған 20 отбасы елдің әр өңірінен іріктелді.
Фото: әкімдік өкілдері ұсынды
Пікірлер