Салдарынан жеңіл көліктердің бірі аударылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол апаты бүгін таңертең Самар тасжолы мен Базовая көшесі қиылысында болған. Оқиғаға ВАЗ, Toyota Camry және автобус қатысқан.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ВАЗ жүргізушісі қиылыстан өту кезінде Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі жеңіл көлік соқтығысып, Toyota Camry автобусқа соғылды.
Оқиғаға байланысты ВАЗ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Пікірлер