451.87 507.31 5.53
A+ A A-

Қазақстанда суармалы су алуға 29 мыңнан астам электронды келісім жасалды

Қазақстанда суармалы су алуға 29 мыңнан астам электронды келісім жасалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Биыл Қазақстанда суармалы су беру бойынша келісімшарт жасасу алғаш рет толықтай цифрлық форматқа көшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жүйенің енгізілуі нәтижесінде шаруалармен 29 283-тен астам электронды келісім жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 570 келісімге көп.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, электронды келісімшарт жасасу үшін Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы әзірлеген биллинг жүйесі іске қосылды.

Жаңа жүйе "Қазсушар" РМК-мен келісім жасау және құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті. Сонымен қатар су пайдаланудың ашықтығын арттырып, заңсыз су алу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, жүйе тұтынушылардың "Қазсушар" алдындағы берешегін қысқартуға және оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттерінің сақталуын бақылауға көмектеседі.

- Қазіргі уақытта биллинг жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ министрлік бұл құралды каналдар арқылы су беру қызметін көрсететін басқа да ұйымдармен келісімшарт жасасу процесіне енгізуді көздеп отыр, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив