451.87 507.31 5.53
A+ A A-

Катонқарағай балы АҚШ пен Қытайға жетті

Катонқарағай балы АҚШ пен Қытайға жетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірдегі «Мед Алтайский» шаруа қожалығы Катонқарағайдың табиғи балын АҚШ, Қытай және Еуропа елдеріне экспорттайды. Бүгінде шетелге бірнеше тонна өнім жөнелтілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Катонқарағай балы елде ғана емес, шетелде де танымал бола бастаған. Облыстық Әділет департаменті мәліметінше, жергілікті «Мед Алтайский» шаруа қожалығы өнімін АҚШ, Қытай Халық Республикасы, Франция, Германия және Сербияға жеткізіп отыр.
Шаруашылықта бал өндірудің толық циклі жолға қойылған. Атап айтқанда, өнімді жинау, өңдеу, сақтау және сатуға дайындау жұмыстары бір жерде жүзеге асырылады. Сонымен қатар омарта шаруашылығын дамытуға, ара тұқымдарын күтіп-баптап, сапалы өнім өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалануға басымдық берілген.
Жергілікті өнім үшін маңызды қадамдардың бірі – Catonkaragay Natural Honey географиялық көрсеткішінің тіркелуі. Бұл белгі өнімнің белгілі бір өңірден шыққанын растап, оның өзіндік ерекшеліктерін құқықтық тұрғыдан қорғауға мүмкіндік беретін көрінеді.
Осылайша Катонқарағай балының жеке өңірлік бренд ретінде қалыптасуына жол ашылды. Ал өнімнің халықаралық нарыққа шығуы шетелдік тұтынушылар арасында шығысқазақстандық балға сұраныс бар екенін көрсетеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив