Тарбағатай ауданының тұрғыны жұбайымен бірге Өскемен қаласынан үйіне қайтып келе жатқан. Алайда Қарасу ауылы маңында көлік қозғалтқышы істен шығып, жолда тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аздан соң оларға Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары – полиция капитандары Мақсат Зейтин мен Әли Әмір көмекке келді.
Жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқаған полицейлер бейжай қалмай, ерлі-зайыптыларға қол ұшын созды. Олар ақауы бар автокөлікті Ақжар ауылына дейін сүйреп жеткізді.
Пікірлер