447.14 499.54 5.46
A+ A A-

ШҚО-дағы үш жылу электр орталығында 8 қазандық пен 3 турбина жөнделді

ШҚО-дағы үш жылу электр орталығында 8 қазандық пен 3 турбина жөнделді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуға және энергетикалық жабдықтардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл - жылыту маусымын сенімді өткізуге қойылатын негізгі талаптардың бірі.

- Шығыс Қазақстан облысында электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу науқаны аяқталды. Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді. Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 4 қазандық пен 2 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті. Жүргізілген жұмыстар жабдықтарды пайдалану сенімділігін арттыруға, олардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге және жоғары жүктеме кезеңінде станциялардың тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған, - делінген Энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.

Қазір өңірдегі үш жылу электр орталығы да электр және жылу энергиясын өндіріп жатыр. Станциялар тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық пен 4 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылыту маусымының сенімді өтуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив