447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Бұқтырма су қоймасында төрт балықшы қамыс арасында адасып кеткен

Бұқтырма су қоймасында төрт балықшы қамыс арасында адасып кеткен [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Самар ауданында балық аулауға шыққан төрт ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қараңғы түскен кезде балықшылар бағыт-бағдарынан жаңылып, қалың қамыстың арасынан өз беттерінше шыға алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Ер адамдарды тапқан құтқарушылар оларды көліктеріне дейін ертіп апарды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

- Балық аулауға шыққанда қараңғы түсу уақытын ескеріп, жергілікті жердің ерекшеліктерін назарға алыңыз және қайту бағытын алдын ала жоспарлаңыз. Үйге қайтуды кешкі уақытқа қалдырмаңыз, - деп ескертті ведомство.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив