Жалпы құны шамамен 2 500 000 теңгені құрайтын ірі қараны ұрлады деп күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу барысында үш ер адам бөгде аудан тұрғынының еркін жайылымынан алты ірі қараны ұрлап, алдын ала дайындалған қораға айдап әкеткені белгілі болды.
Күдіктілер қылмыс жасалған түні Омбы-Майқапшағай тасжолында малды тасымалдау барысында ұсталды.
Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Енді олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Пікірлер