43 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, оның қарызы 2 миллион теңгеден асып жығылды. Ер адам өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерді елемеген.
- Нәтижесінде сот органдары бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша 36 қылмыстық іс сотқа жолданған.
Пікірлер