«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Өскеменнің өзінде сынап бағанасы -29°C-қа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
10-шы желтоқсанға қараған түні қалада -25-27°C, күн ала бұлтты, жауын-шашын түспейді деп болжануда. Ал күндіз ауа райы дәл сол қалпын сақтап, температура -18-20 °C-ты құрайды.
- 11-ші желтоқсанға қараған түні ауа температурасы -27-29°C көрсетеді, аспанды бұлт торлайды, жауын-шашынсыз.11-ші желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -12-14°C, жауын-шашынсыз, - делінген «Қазгидромет» РМК шығыстағы филиалы берген ақпаратта.
Бұл күндері жалпы облыс көлемінде аздаған қар қар жауады. Нақты айтқанда, 10-шы желтоқсанға қараған түні температура -22-27°C, облыстың шығысында -30°C, облыстың солтүстігінде, шығысында — аздаған қар, тұман. Ал күндіз жалпы аумақтарда сынап бағанасы -15-20 дейін жетсе, облыстың шығысында -23°C дейін аяз болады.
- 11-ші желтоқсанға қараған түні ауа температурасы -27-32°C-қа дейін жететін қатты аяз болады. Облыстың оңтүстігінде -22°C, жауын - шашынсыз; облыстың солтүстігінде және шығысында тұман түседі. 11-желтоқсан күні -12-17°C, облыстың шығысында -20°C. Облыстың батысында, солтүстігінде — аздаған қар, сәл боран соғуы мүмкін, - деді «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Пікірлер